Елорда басшысы: Ағымдағы жылдың ортасында қалған 7 проблемалы нысан пайдалануға беріледі

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың ортасында таяуда ғана проблемалы санатқа енгізілген 7 нысан пайдалануға беріледі.
None
None

Бұл туралы бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен елорданың әрі қарай дамуы мәселеріне арналған кеңес барысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

«Астанадағы 243 проблемалы нысанның толығымен аяқталғандығы турасында жеке баяндағым келеді. Сонымен қатар түсініспеушілік туындамауы үшін қалада таяуда ғана проблемалы санатқа жатқызылған үлескерлердің қатысуындағы 7 нысанның бар екендігін атап өткім келеді. Әрбір нысанда кешенді проблемалар болды, олар қазіргі уақытта шешілді және осы жылдың ортасында салынып бітеді», - деді И.Тасмағамбетов.

Қала басшысының айтуына қарағанда, соңғы үш жылдың ішінде 4 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.

«Таяу үш жылда әртүрлі қаржы көздерінің есебінен шамамен 5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі», - деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар