Елорда базарларының маңында жалған ақшаларды айналымға түсірмек болған бойжеткен ұсталды

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елорда базарларының маңында жалған ақшаларды айналымға түсірмек болған бойжеткен ұсталды.

Елорда базарларының маңында жалған ақшаларды айналымға түсірмек болған бойжеткен ұсталды
Бұл туралы бүгін Астана қаласының Ішкі істер департаменті Тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қолға түскен азаматшадан 650 мың теңгенің жалған ақшасы тәркіленді. Соның ішінде номиналы 500 теңгеліктерден 82 дана, 2 мың теңгеліктерден 117 дана және 5 мың теңгеліктерден 75 дана жалған ақша табылды. «Атын атамаған адамдар осының алдында жалған ақшалардың айналымға түсетіні жөнінде ақпарат түсірген. Сол мәліметтің негізінде ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті шұғыл іс-шара ұйымдастырады. Нәтижесінде, маусымның 5-і күні қалалық базарлардың бірінде жалған ақшаларды айналымға түсірмек болған 1988 жылы туған бойжеткен ұсталады. Ол бұрын қылмысқа қатысы болмаған Астана қаласының тұрғыны болып шықты», дейді Н.Ораз.Н.Ораздың атап көрсеткеніндей, жалған ақшалар ТМД елдерінің бірінде жасалуы мүмкін.ҚР Қылмыстық кодексі бойынша жалған ақшаны айналымға енгізген немесе тасымалдаған азаматтарға жеке мүлкін тәркілеу және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.