Елорда базарындағы ауқымды өрттің қалай сөндірілгені көрсетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы ірі базарда болған жалынды сөндіріп жатқан өрт сөндірушілердің жұмысы туралы видео әлеуметтік желіге жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«BIG Шанхай» базарындағы өртті сөндіріп жатқан өрт сөндірушілердің жедел және машықтанған жұмысы», - деп жазылған Астана ТЖ департаментінің Фейсбукте жариялаған видеосында.

Еске салайық, оқыс оқиға 16 желтоқсанда елордада болды.  Сағат 13:30-да Астана қаласының «BIG Шанхай» базарында өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қойманың шатыры мен құрылыс материалдарының отқа орнағанын анықтаған.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 40 қызметкері жəне 10 арнайы техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар