Елорда биыл да еріген қар суының астында қала ма
АСТАНА. KAZINFORM — Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек алдағы көктемде орын алуы мүмкін су тасқынына орай пікір білдірді.
«Өткен жылдардағы ахуал нашар болды деп түбегейлі кесіп-пішіп айтуға болмайды. Өздеріңіз де көрдіңіздер, биыл қыста өткен жылға қарағанда қар әлдеқайда мол жауды. Бұл - ресми дерек. Егер біз өткен жылы қыс бойы сәуірде түскен мол қарды қоса алсақ, 4,5 млн текше метр қар шығардық. Ал биыл бұл шектен асып кеттік. Өткен жылға қарағанда қар әлдеқайда мол. Осы қар жылдам еритінін түсінеміз. Ол 1,5-2 аптадан кейін басталады»,- деді ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте агенттік тілшісінің сауалына орай.
Оның айтуынша, орын алуы мүмкін су тасқынына қарсы қарқынды жұмыс істеліп жатыр.
Дайындық жоғары, жеке сектордан қар шығару жұмыстары қолға алынған.
ТЖМ және Ақмола облысының әкімдігімен қала мен облыс шекарасында орналасқан, су басу қаупі бар ауылдарда оқу-жаттығу өткізілді.
«Жылда проблема қайталанатын учаскелерде жұмыс істеп жатырмыз және белгілі бір жоғары дайындық бар деп санаймыз. Алайда, оны күшейтудеміз. Ауа райының болжамсыз екенін түсінеміз. Егер қар жылдам ерісе, күні-түні жоғары температура болса, онда бұл аномальды дүние. Бірақ, біз кез келген жағдайға дайындаламыз. Су басу болады не болмайды деп айту жөн емес. Біз кез келген жағдайға барынша дайындаламыз», - деді Жеңіс Қасымбек.