Елорда бойынша ең төменгі күнкөріс шегі - 35 482 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда елорда бойынша ең төменгі күнкөріс шегі - 35 482 теңге. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова айтты, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Бүгінгі таңда Астана бойынша ең төменгі күнкөріс шегі - 35 482 теңге. Егер отбасының жан басына шаққандағы кірісі осы мөлшерден төмен болса, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. АӘК ретінде күнкөріс шегіне жетпей тұрған сомма беріледі және ол отбасының әр мүшесіне төленеді. Биыл қаңтардан бастап Қазақстанда балаларға арналған әлеуметтік көмек пакеті монетизацияланды. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға азық-түлік жиынтығын өз бетінше алуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Айгүл Таласова.

Оның айтуынша, АӘК тағайындау үшін елорда тұрғындары «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жүгінуге болады. Сонымен қатар, «Еgov» порталы арқылы қызметті онлайн алуға мүмкіндік бар. Әлеуметтік көмек рәсімдеу үшін азаматтан тек жеке басын куәландыратын құжат сұралады. Қалған мәліметтер орталықтандырылған жүйеден алынды.


Соңғы жаңалықтар