Елорда бүлдіршіндеріне түріктің «Қарагөз -Хадживат» қуыршақ театрының қойылымы көрсетілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 сәуір Түркияда Ататүріктің жарлығымен Ұлттық егемендік және балалар мерекесі ретінде жыл сайын атап өтіледі. 

Елорда бүлдіршіндеріне түріктің «Қарагөз -Хадживат» қуыршақ театрының қойылымы көрсетілуде

Жақындап келе жатқан осы мейраммен қатар,  Түркия - Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыстың орнауының 25 жылдығы, сондай -ақ халықаралық ЭКСПО- 2017 көрмесіне байланысты Түркияның Қазақстандағы елшілігі мен Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы бірлесе отырып, «Карагөз -Хадживат» қуыршақ театры қойылымын өткізуде. Аталған шара Астана қаласы Білім басқармасының да қолдауымен бастауыш мектептер мен балалар үйінде ақысыз негізде ұсынылуда.  Көңілді қойылым арқылы  бауырлас түрік елі туралы танымдық мәлімет бере отырып, екі ел арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына үлес қосу көзделуде.

Алғашқы көрсетілім кеше, 7 сәуір күні № 59 мектеп пен «Балалар ауылында» өтті. Көрсетілімді қазақстандық актер Олжас Ибраев орындайды. Аталған түрік қуыршақ театрын елордалық балалар 2016 жылы да үлкен қызығушылықпен тамашалаған болатын. Алдағы үндері Астанадағы бастауыш мектептер мен балалар үйінде көрсетілім жалғасады.

 «Қарагөз бен Хадживат»бетпе -бет бір бірлерімен қағыта сөйлесе отырып, қуыршақтардың екі өлшемді суреттері пердеге түсіріліп қойылатын  көлеңке ойыны болып табылады. Негізгі бас кейіпкерлер екеу, есімдері -Карагөз бен Хадживат.  Пьесадағы диалогтар адамдарды күлдіре отырып ойландырады.

null