Елорда емханаларында ашық есік күндері өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазанда бүкіл әлемде Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Астанада Қарттар күніне орай жыл сайын бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлады astana.gov.kz.
None
None

Осыған орай 20 қыркүйектен 1 қазанға дейінгі аралықта елорданың барлық емханаларында қарттарға арналған ашық есік күндері өтуде. Егде жастағы елорда тұрғындары толық медициналық тексерістен өтуге мүмкіндік алады. Ашық есік күндері күнделікті сағат 9:00-18:00 дейін өтеді.

№10 қалалық емханада 21-30 қыркүйек аралығында ашық есік күні ұйымдастырылуда. №7 қалалық емхана 26 қыркүйекте келушілерді қабылдады. 28 қыркүйекте «Демеу» және «Киров» отбасы дәрігерлік амбулаторияда қарттарға арналған ашық есік күндері өтеді. Ал, 29 қыркүйек күні №2, 3, 6, 8 қалалық емханаларының және «Ниет» отбасы денсаулық орталығының мамандарынан кеңес алуға болады.

№5 қалалық емханада және «Шапағат» отбасы денсаулық орталығында 30 қыркүйекте қабылдау сағаттары өтеді. 1 қазан күні №1, 4, 9 қалалық емханалары мен «Салауатты Астана» ЖШС және "Достық" отбасы денсаулық орталығында ашық есік күндері өтеді.

Шара аясында дәрігерлер жүрекке және өкпеге аускультация әдісін пайдаланады, артериалдық қысым, қан қысымы мен қандағы холестерин деңгейін өлшейді.

Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 14-індегі қаулысы негізінде жыл сайын дәстүрлі түрде қазанның 1-інде аталып өтуде.

Соңғы жаңалықтар