Елорда емханаларында В және С геапатитінің алдын алу бойынша кеңес берілуде
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада медицина мекемелерінің жұмыскерлері 8 күн бойы халық арасында В және С гепатиттерінің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.
Мамандар медицина қызметкерлері үшін оқыту семинарларын, тренингтер өткізеді, сондай-ақ барлық емханаларда Ашық есік күндері ұйымдастырылып, онда гепатиттердің алдын алу, анықтау және емдеу, халықты скринингтік зерттеу бойынша кеңес алуға болады. Аталған іс-шаралар 5-14 тамыз аралығында гепатитке қарсы күрес айлығы аясында өткізіледі.
«В» және «С» вирустық гепатиттерінің алдын алу айлығының аясында қалалық БМСК Ашық есік күндерін өткізу кестесі:
1. «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 5 тамыз - Сейфуллин к-сі, 38
2. «№ 2 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 6 тамыз - Республика даңғ. 50
3. «№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 7 тамыз - Республика даңғ, 56
4. «№ 4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 8 тамыз - Шевченко к-сі, үй 1
5. «№ 5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 9 тамыз - Ақан сері к-сі 20
6. «№ 6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 12 тамыз - Аманат к-сі, 3
7. «№ 7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 13 тамыз - Ш. Құдайбердіұлы к-сі, 25,29
8. «№ 8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 14 тамыз - Сембинов к-сі, 4/1
Гепатиттердің алдын алу мәселелері бойынша консультацияларды қалалық емханаларда инфекционист дәрігерлерден және №4 қалалық емханадағы гепатит орталығында 42-78-49 телефоны арқылы алуға болады.