Елорда емханасында өрт шықты

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең елорданың Республика даңғылында орналасқан № 3 қалалық емханасының ғимаратында өрт шықты,
None
None

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Тілсіз жау таңғы сағат 04:16-да орын алып, 50 шаршы метр аумақты қамтыған. Құтқарушылардың мәліметтеріне қарағанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Төтенше жағдайдың алдын алуға ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 55 маман мен 14 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар