Елорда халқы жыл басынан бері 8 мыңға көбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда халқының саны 8 мыңға жуық артып, 821 952 адамды құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.
None
None

«2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 7551 адамға, оның ішінде Алматы ауданы бойынша - 3249 адамға, Есіл ауданы бойынша - 1722, Сарыарқа ауданы бойынша - 2580 адамға көбейді», - делінген хабарламада. 2014 жылғы қаңтар-ақпанда халықтың табиғи өсімі - 3182 адамды, көші-қон өсімі - 4369 адамды құрады. Айта кетейік, 2014 жылғы қаңтар-ақпанда жалпы Астана қаласында 3737 сәби туылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,9%-ға көтерілді және 3182 адамды құрады. Осы аралықта қалада 555 адам қайтыс болды, бұл 2013 жылғы қаңтар-ақпандағы көрсеткіштен 10%-ға аз. «Қаңтар-ақпанда 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің 24 жағдайы тіркелді, 2013 жылдың сәйкес кезеңінде 27 болған. Сәбилер өлім-жітімінің коэффициенті 6,42 (2013 жылғы қаңтар-ақпанда - 7,75) құрады»,- деп хабарлады ведомстводан. Халық өлімінің басым себептері арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 37%, өскіндер - 21,4% жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 11,7% алады.

Соңғы жаңалықтар