Елорда ІІД көліктің кішкене баланы қағып кеткен сәті түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді
«Бұл жол-көлік оқиғасы 2014 жылы 7 мамыр күні сағат 12.55-те Малахов көшесінде орын алған. «Хюндай Акцент» маркалы көлікті басқарып келе жатқан 40 жастағы астаналық әйел жолдан өту белгісі жоқ жерден өтіп бара жатқан 2007 жылы туған ұл баланы қағып кеткен. Оқиға салдарынан жарақат алған бүлдіршін балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды.
Екі жақ бітімге келіп, жапа шегуші жақ сот-медициналық экспертизадан өтуден бас тартқан. Бұл оқиғада қылмыстық сипат болмаған соң көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік өндіріс тоқтатылды», - делінген Астана қалалық ІІД баспасөзі жолдаған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласында кішкене баланы көліктің қағып кеткені түсірілген видеоны жариялаған болатынбыз.