Елорда командасы өрт сөндіру-құтқару спортында ел кубогына ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы үш күндік өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша кубок турнирі қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Елорда командасы өрт сөндіру-құтқару спортында ел кубогына ие болды

«Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының кубогіне арналған турнирде ерлер арасындағы жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының командасы қола жүлдегер атанды, күміс жүлде Шығыс Қазақстан облысының командасына бұйырды, алтын медаль иегері – Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары. Әйелдер арасындағы жалпыкомандалық есепте қола жүлдені Алматы қаласының командасы иеленді. Екінші жүлделі орын Түркістан облысының командасында. Жеңімпаз – Нұр-Сұлтан қаласының командасы», - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, алматылық өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу дайындығын өткізді.