Елорда көшелерінде белгілі қазақстандық спортшылардың суреттері ілінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жетекші отандық командалардың басын қосқан «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы әлеуметтік жарнама әзірледі. Белгілі қазақстандық спортшылар бейнеленген плакаттарды қаланың адамдар көп жүретін жерлерінде орналасқан Astana Bike велопрокатының 110 станциясынан көруге болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Акцияның мақсаты - жанкүйерлер мен спортқа әуес жандарды біріктіру, сондай-ақ, салауатты және белсенді өмір салттарын насихаттау.

Астаналықтардың назарына қазақстандық спортшылардың, Astana Pro Team велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» футбол клубы өкілдерінің, Astana Arlans боксшыларының, «Астана» баскетбол клубы ойыншыларының, Astana Motorsports ралли-рейдтері бойынша команда мүшелерінің суреттері ұсынылады.

Айта кетейік, аталған командалардың арқасында соңғы үш жылда Қазақстанның қоржыны жаңа спорттық жетістіктермен толыға түсті.

Соңғы жаңалықтар