Елорда көшелерінде көлікпен жүру рұқсатын қалай тексеруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова көлігіңізбен көшеде жүруге рұқсатыңыздың бар-жоғын қалай тексеруге болатындығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда көшелерінде көлікпен жүру рұқсатын қалай тексеруге болады

«Штабтың шұғыл байланыс орталықтарына жүктемені азайту үшін біз @check_whitelist_quarantine_bot телеграм ботын іске қостық. Онда сіздің автомобиль нөміріңіз бен ЖСН-іңіздің тізімде бар-жоғын тексеруге болады. Бүгінгі таңда еліміздің көптеген қалаларында пандемиямен күресу шаралары қолданылуда. Алайда, жұмыс істеуге рұқсаты бар кәсіпорындардың тізімі артып келеді», - деп жазды ол Telegram каналында .

Оның атап өтуінше, қала көшелерінде жүруге рұқсат етілген автокөліктің мемлекеттік нөмір белгілері мен азаматтың ЖСН-і полиция қызметкерлері пайдаланатын планшеттердегі дерекқорға енгізілуі керек.

«Жүруге рұқсаттың бар-жоғын тексеру үшін жұмыс беруші сізді жедел штабтың тізіміне ұсыну керек. Ал өтініш берушінің ЖСН-і мен автомобиль нөмірі өтінімде сәйкес болуы тиіс. Бір телеграм аккаунтынан бір тәулікте cұранысты 5 рет қана жібере аласыз», - деп түсіндірдеі Малика Бектұрова.