Елорда көшелерін ластаған 18 құрылыс компаниясы жазаланды
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 18 құрылыс нысаны абаттандыру талаптарын бұзып, көшелерді ластағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапа басқармасы аудан әкімдіктерінің мамандарымен бірлесіп, құрылыс нысандарының арасында бірқатар бұзушылықтарды анықтады.
Құрылыс нысандарындағы дөңгелектерді жуу пунктінің, негізгі жол төсеміне қатты жанасуының, құрылыс қоршауларының тиісті жай-күйінің бар-жоғы тексерілді. Нәтижесінде 88 нысанда талап бұзылғаны анықталды.
Кемшіліктер жойылмаған жағдайда полиция департаменті ҚР ӘҚБтК 505 және 630-баптары бойынша қоршаулар мен дөңгелектерді жуу пункттері нормаларының талаптарына сәйкес келмегені үшін әкімшілік хаттамалар жасайтынын атап өткен жөн.
Осылайша, елорданың табиғат қорғау полициясы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, оның ішінде қоршаулардың дұрыс емес жағдайы үшін 18 құрылыс нысанын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бүгінгіде барлық анықталған ескертулер жойылды.