Елорда көшесіндегі асфальт опырылып түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында автожолдағы асфальт опырылып түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 11 сәуір күні болды және қалалық әкімдік болған жайтқа қатысты ресми түсінік берді.

«Керей, Жәнібек хандар және Түркістан көшелерінің қиылысындағы кәріз құбырында болған апаттық жағдайдан жолды су шайып, салдарынан жолдың жүретін бөлігіне нұқсан келген. Қазіргі кезде ол жер қоршалып, «Eco System» коммуналдық қызметі кәріз құбырының бүлінген бөлігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, хабарламада қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы аталған жолды қысқа мерзім ішінде қалпына келтіретіні айтылған.

Айта кетсек, асфальттың ортасына опырылып түскен видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына (iKOMEK-109) биыл тұрғындардан 661 мыңнан астам өтініш түскен .

Елорда тұрғындарын негізінен денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, абаттандыру және тағы сол сияқты мәселелер алаңдатады.


Соңғы жаңалықтар