Елорда құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді

Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Жиында барлық мүдделі құқық қорғау және жергілікті атқару органдары басшыларының қатысуымен уәкілетті мемлекеттік органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық және жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол салу оқиғаларының алдын алу мәселелері бойынша атқарған шаралары мен өзара іс-қимылына қатысты мәселелер талқыланады. Сонымен қатар прокурорлар жиында уәкілетті мемлекеттік органдардың әкімшілік айыппұлдарды өндіру, көше қылмыстарының деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрестегі жедел-іздестіру қызметі мен тергеудің заңдылығы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының жай-күйі сияқты өзекті мәселелерді ортаға салмақ.
Үйлестіру кеңесінің отырысында жоғарыда аталған мәселелер бойынша уәкілетті органдардың атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелері, барлық мемлекеттік органдардың арасындағы өзара іс-қимыл деңгейі, прокуратура органдарының тексерістерінің нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктер, сондай-ақ осы салалардағы кездесетін проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланатын болады.