Елорда күні қарсаңында 6 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі ? С.Хорошун

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун әкімдік сатып алған салынып бітпеген құрылыс нысандары бойынша көшпелі кеңес өткізді,

Елорда күні қарсаңында 6 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі ? С.Хорошун
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Арнайы комиссия 5 тұрғын үй кешенінде болып қайтты. Аталмыш тұрғын үйлердегі 364 пәтер әкімдікке жатады. Атап айтқанда, Торайғыров көшесіндегі «Фаворит» құрылыс нысанында 165 пәтерді әкімдік сатып алған. Оның 50-і үлескерлердің үлесінде. Бұл үйді «Қазмонтажқұрылыс» АҚ салуда. Осы акционерлік қоғамның бас директоры Виктор Лидің сөзіне қарағанда, 2009 жылдың қазан айында нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.Ал Б.Момышұлы даңғылының бойындағы «Восток» тұрғын үй кешенін «ИСК ASI» ЖШС салып жатыр. Аталмыш нысанда әкімдік сатып алған 48 пәтер, сондай-ақ үлескерлердің 74 пәтері бар. «ИСК ASI» ЖШС бас директоры Сергей Котляровтың атап өткеніндей, сатылған пәтерлерден 700 миллионға жуық теңге түсті. Сонымен қатар, комиссия аталмыш даңғылда орналасқан «Виктория» тұрғын үй кешенінде болды. Онда 167 үлескер бар. Аталмыш нысан мемлекеттік қаражаттың тартылуынсыз жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылуда. Кешенді пайдалануға беру мерзімі ? 2009 жылдың желтоқсан айы. «Елорда күніне 6 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. Бұл әкімдік сатып алған пәтерлері бар нысандар. Бұған қоса «Жаңа құрылыс» ЖШС салып жатқан бірқатар проблемалық нысандарда құрылыс аяқталмақ. Атап айтқанда, бұл «Байқоңыр», «Әл-Фараби» және «Оқжетпес» кешендері. «Европейский» тұрғын үйінің құрылысы аяқталып келеді. Оны шілденің соңында пайдалануға беру жоспарланған», - деді С.Хорошун.