Елорда күні қарсаңында «Достық Аллеясы» акциясын ұйымдастыру ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдастық өкілдері Астана күні қарсаңында «Достық Аллеясы» акциясын ұйымдастыру ұсынылды, деп хабарлады ішкі саясат басқармасынан.
«2014 жылғы 18 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XХI сессиясының отырысында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассаблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылды республикада Қазақстан халқы Ассаблеясының жылы деп жариялады. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы елордада «Астана - бейбіт пен келісім қаласы» ұранымен өтеді. «Достық аллеясы» акциясын ұйымдастыру 2015 жылы ҚХА жылы аясында ұйымдастырылатын шаралардың бастауы болуы тиіс», - делінген хабарламада.
Бұл бастаманы «Злата» болгар мәдени орталығының төрайымы Ольга Андриевская, «Қырғызстан-Астана» этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Шавкат Исмаилов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сыздықов, «Жасыл ел» жасағының мүшесі Нұрсұлтан Айбатыров және т.б. көтерді.