Елорда күніне орай үш метрлік торт әзірленді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана күніне орай танымал кондитер Ренат Агзамов әзірлеген мерекелік торт көпшілікке ұсынылды. Мемлекеттік тудың түсіндей көгілдір биіктігі үш метрлік торттың үстіне қыран мен күн қойылған.

Елорда күніне орай үш метрлік торт әзірленді (ФОТО)

Шараға 3 шілдеде өткен кондитерлер семинарына қатысқан аспазшылар мен қала тұрғындары және қонақтар қатысты.

- Астана тұрғындарын қаланың 18 жылдығымен құттықтаймын. Осындай қысқа уақыттың ішінде халықаралық деңгейдегі қала бой көтерді. Астана қаласының басшылығы мен тұрғындарына рахмет, баршаға жақсылық пен игілік тілеймін, - деді Ренат Агзамов.

Шара соңында торттың бір бөлігі Астана қаласының балалар үйлері мен коррекциялық мектептеріне жеткізілді. Сонымен қатар, жиналған қауым шағын концерттік бағдарлама тамашалап, түрлі конкурстарға қатысты. , деп хабарлады astana.kz.

null null