15:44, 06 Шілде 2016 | GMT +5
Елорда күніне орай үш метрлік торт әзірленді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана күніне орай танымал кондитер Ренат Агзамов әзірлеген мерекелік торт көпшілікке ұсынылды. Мемлекеттік тудың түсіндей көгілдір биіктігі үш метрлік торттың үстіне қыран мен күн қойылған.
Шараға 3 шілдеде өткен кондитерлер семинарына қатысқан аспазшылар мен қала тұрғындары және қонақтар қатысты.
- Астана тұрғындарын қаланың 18 жылдығымен құттықтаймын. Осындай қысқа уақыттың ішінде халықаралық деңгейдегі қала бой көтерді. Астана қаласының басшылығы мен тұрғындарына рахмет, баршаға жақсылық пен игілік тілеймін, - деді Ренат Агзамов.
Шара соңында торттың бір бөлігі Астана қаласының балалар үйлері мен коррекциялық мектептеріне жеткізілді. Сонымен қатар, жиналған қауым шағын концерттік бағдарлама тамашалап, түрлі конкурстарға қатысты. , деп хабарлады astana.kz.