Елорда күніне орайластырылған мерекелік шараларға 1 млн. жуық қазақстандық қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күнінің логотипінде тарихи дата мен бұтақ жайған ағаштың бейнесі үйлестірілген.

Елорда күніне орайластырылған мерекелік шараларға 1 млн. жуық қазақстандық қатысады

Елорда күнін атап өткен жылдар ішінде бұл мерекенің ерекше бейнесі мен стилі қалыптасты. Бұл күндері мерекелік афишалар мен билбордтарға басылатын фирмалық белгіні де қала тұрғындары жақсы таниды, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты. Елорда күнінің логотипі 2009 жылдан бері ресми түрде қолданылып келеді. Жобалаушылар онда Қазақстанның бас қаласының Астанаға ауыстырылған жылы - 1998 санын бейнелеуге тырысқан. Логотипте озық дизайндық шешімдер мен дәстүрлі бейнелеу тәсілдері қолданылған. Ал ою-өрнек элементтері ашық түсті мозайкалы өрнектерге негізделген. Айта кетейік, ұйымдастырушылар елорда күніне орайластырылған мерекелік шараларға бір миллионға жуық қазақстандық қатысады деп болжап отыр. Олардың назарына мазмұнды әрі қызықты бағдарлама ұсынылатын болады.