Елорда күніне ұйымдастырылған концерттік шараларға 3,5 мың қазақстандық және шетелдік әртіс қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда күніне орай ұйымдастырылған концерттік шараларға 3,5 мың қазақстандық және шетелдік әртіс қатысты, деп хабарлады Астана әкімдігінен.

Елорда күніне ұйымдастырылған концерттік шараларға 3,5 мың қазақстандық және шетелдік әртіс қатысты

Таратылған ақпаратқа қарағанда, елорда күнін ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына шамамен 20 мың адам атсалысқан. Қалада 70-тен астам іс-шара ұйымдастырылып, шамамен 30 сахна құрылған. Онда қойылған мәдени шараларды 900 мыңнан астам адам тамашалаған.

Ал концерттік бағдарламаларға 3,5 мыңға жуық қазақстандық және шетелдік әртістер қатысты. Ағымдағы жылы көшелерде ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар зор танымалдыққа ие болды. Оларға осы жылы шамамен 700 мың елордалықтар мен қала қонақтары қатысты.

Сонымен қатар, алғаш рет мерекелік отшашу қаланың 3 нүктесінде ұйымдастырылды.