ЕЛОРДА ҚҰРДАСТАРЫ: Астанаға сүйіспеншілігім арта түсуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордаға келгеніме аптаға толмас уақыт болғанына қарамастан, менің еліміздің бас шаһарына деген сүйіспеншілігін арта түсуде.

ЕЛОРДА ҚҰРДАСТАРЫ: Астанаға сүйіспеншілігім арта түсуде

Бұл пікірді ҚазАқпарат тілшісіне елорда қонағы, Ақтөбе облысы Шалқар қаласының № 5 орта мектебінің түлегі Айгерім Ақшолақова білдірді.

«Еліміздің бас қаласы Астана бүгін 18 жасқа толды. Елордамызда бұл мерекеге байланысты қызық дайындық жүргізізгеніне куә болдым. Жыл сайын бұл мейрам Қазақстанның түкпір-түкпірінен де, шет елдерден де мыңдаған туристерді жинайды. Бұл шараның көлемі де, сапасы да, деңгейі де жылдан-жылға жаңа сатыға көтерілуде. Жақында қала әкімшілігінде болған өзгерістерге қарамастан, мерекелік бағдарламаның кестесі уақында дайын болады. Биылғы дайындалған бағдарлама мазмұны кең»,-  деді ол.

Қала қонағы мереке шымылдығын 20-26 маусым арасында өткен «Сахнадан сәлем» театр фестивалі ашқандығын, бұл фестивальге еліміздің және Ресей мен Украина сахналарының майталмандары қатысқанын еске салды.  Биыл Астана қонақтары «Азия жаңғырығы» цирк өнер фестивалін, музыка саласының үздіктері қатысатын «Астана Арқау» фестивалін тамашалағандығын атап өтті. Сонымен қатар, Астана қонақтары техникалық 3Д шоуды, әзіл-сықақ кештерді, «Қымызмұрындық» фестивалін, халық аспаптар оркестрінің «Серпер» музыкалық фестивалін, ақындар айтысын, «МузАрт» тобының шығармашылық концертін тамашалай алатындығын айрықша айтты. Осы жылы «Қымызмұрындық» фестивалі Қазақстанда бірінші рет өтпек. Бұл фестиваль барысында көрермендер іріктелген қымыз бен тәтті бауырсақ дәмін татуларына болады.

«Елбасының қолдауы арқасында елімізде спорт саласына көп маңыз бөлінуде. Сол себепті, маңызды іс-шараларда спорттық жарыстар бағдарламаның ажырамас бөлігі болып саналады. Астанамыздың туған күнінде де спорт саласына баса назар аударылған. Спорттық шаралардан халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі, дуатлоннан қалалық турнир, асық ату мен қазақ күресінен Қазақстан барысын өткізілді»,-  деді А.Ақшолақова.

Сонымен қатар ол өз сөзінде Астана күні - еліміздің деңгейінде ғана емес,  халықаралық деңгейде тойланатын мейрамға айналып отырғандығын айтты. «Мысалы, бауырлас Түркияның Анкара қаласында Астана күніне орай қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт өтті. Елімізден бұл концертке «Адырна» фольклордық-этнографиялық ансамблі мен «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі қатысты. Сонымен қатар, елорда төріндегі мерекеге үлестерін өзге мемлекеттер де атсалысу үстінде.  Оның бір дәлелі АҚШ елшілігінің Астанаға «Brodway Bound» мюзиклін әкелуі, екіншісі Италия елшілігінің «Астана Самалы» үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестиваліне қатысатын ту көтеріп жүретіндерді әкелуі. Мұның бәрі - елімізде ұлттар бірлігінің нығайуы мен Қазақстанның әлемдік саяси аренада үлкен рөл атқаратының көрінісі», - деп түйіндеді сөзін ол.