Елорда маңындағы 2026 жылғы жазғы демалыс аймақтары: бағалар қандай

АСТАНА. KAZINFORM – Тұрақты ыстықтың басталуымен Астана маңындағы демалыс орындары қайтадан жазғы демалыстың ең сұранысқа ие бағыттарының біріне айналды. Елордадан бір сағаттық жерде орналасқан ондаған кешен бассейндерімен, жағажайларымен және монша аймақтарымен келушілерді тартуға тырысып, қызмет сапасы мен баға жағынан өзара бәсекеге түсіп жатыр.

а
Фото: Freepik

Kazinform агенттігінің тілшісі қала маңындағы демалыс орындарының ұсыныстарын саралап, ересектер мен балалар үшін жазғы демалыстың құны қанша екенін және бағалардың өңірлер бойынша қалай бөлінетінін анықтады.

Қосшы қаласы жазғы демалыс орындары ең көп шоғырланған аймақтардың бірі

Жазғы демалыстырдың негізігі орталықтарының бірі ретінде Қосшы қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендер. Мұнда қолжетімді де, премиум санаттағы да бірнеше танымал кешен жұмыс істейді.

Какие зоны отдыха под Астаной доступны летом 2026 года
Фото: Саяжай

Олардың қатарындағы ең қолжетімді нысандардың бірі – «Саяжай» (Қосшы қаласы). Мұнда жұмыс күндері ересектер үшін кіру құны – 8000 теңге, ал балаларға – 4000 теңге. Демалыс күндері баға тиісінше 10 000 және 5 000 теңгені құрайды. Кешенде бассейн бар және келушілер саны бойынша ең танымал орындардың бірі саналады.

Какие зоны отдыха под Астаной доступны летом 2026 года
Фото: Чистые пруды

Осыған ұқсас баға санатында «Tau Park» орналасқан. Жұмыс күндері ересектер үшін билет құны – 6000 теңге, балалар үшін 3000 теңге. Демалыс күндері баға екі есеге өсіп, тиісінше, 12000 және 6000 теңгені құрайды. Нысанның басты ерекшелігі – аумағы 1200 шаршы метр болатын ірі су аймағы.

Ал «Пикник» демалыс кешені күнге қарамастан бірдей тариф ұсынады: ересектер үшін – 7000 теңге, балалар үшін – 3500 теңге.

Какие зоны отдыха под Астаной доступны летом 2026 года
Фото: River Club

Сондай-ақ осы аудандағы «River Club» кешенінде ересектер үшін кіру құны жұмыс күндері 6000 теңгеден басталып, демалыс күндері 8000 теңгеге дейін жетеді. Балалар билеті 4000-нан 6000 теңгеге дейін өзгереді. Мұнда жағажай аймақтары да қарастырылған.

Неғұрлым жоғары санаттағы демалысты қалайтындар үшін «Чистые Пруды» кешені жұмыс істейді. Мұнда ересектерге арналған билет – 12000 теңге, балаларға - 7 000 теңге. Кешен бассейн мен жағажай инфрақұрылымын қатар ұсынады.

Жібек жолы бағыты мен Астана – Қарағанды тасжолында орналасқан ірі кешендер

Жібек жолы ауылы мен Астана-Қарғанды тасжолы бойында да жазғы демалыс орындарының үлкен шоғыры қалыптасқан. Бұл бағыттағы кешендер келушілер саны жағынан да, қызмет түрлері жағынан да ерекшеленеді.

Какие зоны отдыха под Астаной доступны летом 2026 года
Фото: Primevill

Жібек жолы ауылындағы «Primevill» кешенінде жұмыс күндері ересектер мен балалар үшін кіру құны 6000 теңгені құрайды. Демалыс күндері ересектерге арналған билет бағасы 10000 теңгеге дейін көтеріледі.

Осы бағытта орналасқан «Jansaya Resort» кешенінде ересектер үшін бірыңғай тариф – 12000 теңге, балалар үшін – 7000 теңге. Бағаға бассейндер мен монша аймақтарын пайдалану кіреді.

Какие зоны отдыха под Астаной доступны летом 2026 года
Фото: Beybarys

Ал «Beibarys» демалыс кешенінде ересектер үшін билет құны жұмыс күндері 10000 теңге, демалыс күндері 12000 теңге болса, балалар үшін тариф күнге қарамастан 7000 теңге деңгейінде сақталады.

Тасжол бойындағы жаңа әрі ірі нысандардың бірі саналатын «Aqbozat» кешенінде ересектер үшін кіру құны – 15000 теңге, балалар үшін – 7500 теңге.

Талапкер, Қажымұқан және Аққайың: орташа баға сегменті

Елорда маңындағы бұл бағыттарда да бағасы орташа деңгейдегі демалыс орындары жеткілікті.

Какие зоны отдыха под Астаной доступны летом 2026 года
Фото: Picnik Talapker

«Picnik Talapker» кешенінде жұмыс күндері ересектер үшін билет құны – 6000 теңге, балалар үшін – 3000 теңге. Демалыс күндері баға тиісінше 7000 және 3500 теңгеге дейін өседі.

Қажымұқан ауылындағы «Ayan Park» кешені ересектер үшін 6000 теңге, балалар үшін 3000 теңге көлемінде тұрақты тариф ұсынады.

Малотимофеевка маңындағы «Orman Park» кешенінде ересектер үшін билет құны 5000-нан нан 7000 теңгеге дейін өзгереді, балалар үшін – 3000 теңге. Мұнда A-frame үлгісіндегі демалыс үйлері де қарастырылған.

Өңірдегі ең ауқымды жобалардың бірі – «BalQaragai» кешені. Мұнда жұмыс күндері ересектер үшін кіру құны 12000 теңге болса, демалыс күндері 18000 теңгеге дейін жетеді. Балалар билеті 8000-нан 10000 теңгеге дейін өзгереді. Кешен құрамында аквапарк жұмыс істейді және өңірдегі ең ірі демалыс орындарының бірі болып саналады.

Қалаға жақын орналасқан демалыс орындары

Қаладан алысқа шықпай-ақ демалғысы келетіндер үшін Астанаға жақын орналасқан бірнеше нысан бар.

«Teplo» кешені (Mega Silk Way сауда орталығынан 10 минуттық жерде) премиум санатқа жатады. Мұнда ересектер үшін билет құны жұмыс күндері 14000 теңге, демалыс күндері 18000 теңгеге дейін барады. Балалар билеті 10000 теңгеге дейін жетеді. Су температурасы тұрақты түрде 27–28 градус деңгейінде сақталады.

Какие зоны отдыха под Астаной доступны летом 2026 года
Фото: Teplo

Ал Алаш тасжолы бойындағы «Теньговка» кешенінде ересектер үшін билет құны 10000-12000 теңге аралығында болса, балалар үшін 5000-7000 теңгені құрайды.

Аққайың ауылындағы «Monaco» демалыс орны орташа баға сегментіне жатады. Мұнда ересектер үшін кіру құны 7000 – 8000 теңге, балалар үшін 5000–6000 теңге көлемінде белгіленген.

Жалпы, Астана тұрғындары мен қонақтары үшін таңдау кең: қарапайым бассейндерден бастап жағажайы мен аквапаркі бар ірі кешендерге дейін түрлі нұсқа ұсынылған. Сондықтан жазғы демалысты жоспарлау кезінде басты мәселе таңдау емес, жайлылық пен қосымша қызметтер үшін қанша қаражат жұмсауға дайын екеніңізге байланысты болмақ.

Айта кетейік, балалардың жазғы демалысында ішкі туризм мен отбасылық саяхаттарды дамытуға басымдық беріледі.