21:28, 19 Маусым 2023 | GMT +5
Елорда маңындағы 80 гектар өрт оқшауланды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда маңындағы құрғақ шөп өрті 80 гектар аумаққа жетті және оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
«Сағат 21:09-да елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрт оқшауланды. Өрттің жалпы аумағы 80 гектарға жетті. Зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жалғасуда», - деп жазды қалалық ТЖ департаменті.
Бұған дейін Қорғалжын тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқанын хабарлаған едік.
Салдарынан Астана көшелерін түтін басып, дәрігерлер көшеге шықпауға шақырды.
Қазгидромет РМК Астанадағы ауа сапасына тексеру жүргізіп, азот оксиді мен азот диоксиді шамадан тыс артқанын хабарлады.