Елорда маңындағы ауылдардың көшелерін су басу проблемасы бар - министр

«Сонымен қатар, гидротехникалық құрылыстарды уақтылы жөндеу және салу қажет. Салынған Көксарай және Астана су реттегіші елді мекендерді қорғау мен су жинау бойынша өз тиімділігін көрсетті. Өз кезегінде иесіз гидротехникалық құрылыстар (25) ерекше назар аударуды талап етеді. Гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйін бақылау жөніндегі уәкілетті орган Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі болып отыр. Олар «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында елдің су объектілерін дамыту және сақтау бойынша жұмыс жүргізеді», - деді Юрий Ильин.
Оның айтуынша, апатты әрі ретсіз құрылыстың жалғасып жатқан практикасы және елді мекендердің, мысалы, Ақмола облысының Қоянды мен Талапкер ауылдарының дренаждық-арық жүйелерімен толық қамтамасыз етілмеуі олардың көшелері бойында еріген қар суын өткізу мүмкіндігіне теріс әсер етеді.
«Нәтижесінде, Төтенше жағдайлар министрлігі еріген қар және жаңбыр суларын шығару үшін өрт сөндіру машиналары мен мотопомпаларды жұмылдыруға мәжбүр болады, бұл олардың техникалық жай-күйіне және өрт сөндіруге дайындығына теріс әсер етеді», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 285 елді мекен үшін су басудың ықтимал қаупі сақталып отыр.