Елорда маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту бағытында 7 жоба жүзеге асырылуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елорда маңында азық-түлік белдеуін дамыту үшін Ақмола облысының Ақкөл ауданында 7 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақкөл ауданының әкімі Талғат Едігенов өңірдің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуін өткізді.

«Биылғы жылы аудан диқандары агротехникалық шараларды ұтымды қолданудың арқасында егін орағы уақытында аяқталды. Гектар түсімі 13 центнерден айналып, 166 мың тонна астық жиналды», - деп атап өтті Талғат Едігенов.

Сонымен бірге, аудан әкімі аграрлы ауданда мал шаруашылығына зор көңіл бөлініп келе жатқандығын атап өтті.

null Талғат Едігеновтың айтуынша, жыл ішінде 3,5 мың тонна ет, 17,7 мың тонна сүт және 58 мың дана жұмыртқа өндірілген.

«Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуін дамыту бағытында 7 жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, Домбыралы ауылында «Бекқожин» жеке кәсіпкерлігі 90 ірі қара мал, Азат ауылында «Саяси Қолғанат» жеке кәсіпкерлігі 50 ірі қара мал сатып алды. Минское ауылындағы «Бөкей ордасы» серіктестегі мен Домбыралы ауылындағы «Фермер» шаруа қожалықтарының әрбіреуі 100 бастан ірі қара мал, Кеңес ауылындағы «Сарыдала» шаруа қожалығы 30 бастан ірі қара мал сатып алуды жоспарлап отыр», дейді аудан әкімі.

Сонымен қатар, кездесуде айтылғандай 2019 жылы «Еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1200 голштин-фриз тұқымды сиырларына арналған сүт-тауарлы фермасын ашу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар