Елорда мектептерінде ата-аналары балаларының сабаққа қатысуы мен үлгерімін SMS арқылы бақылай алады

Елорда мектептерінде арнайы инфрақұрылымдар жасалған: барлық компьютерлер интернетке шығу арқылы бір локалды желіге қосылып, материалдық-техникалық базасы жетілдірілетін болады. Жаңа жабдықтардың көмегімен мұғалімдер сабақ жоспарларын жасап, сондай-ақ, электрондық журнал, күнделікпен де жұмыс істей алады.
Ал ата-аналарда өз балаларының сабақ үлгерімімен танысып, олардың мектептегі өмірін SMS-хабарлама арқылы бақылау мүмкіндігі бар.
Астана қаласының барлық мектептері интернетке қосылғандықтан, көптеген мектептерде химия, физика, биология және жаңа модификациямен жабдықталған мультимедиалық лингафон кабинеттері бар. 19 білім беру нысанында бейнебақылау орнатылған.
2020 жылға дейін электрондық оқытудың жаңа жүйесіне білім мекемелерінің 90% -дан астамы өтеді деп жоспарлануда.