07:33, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Елорда мектептерінде бірінші ауысымда 1-ші мен 4-ші сынып аралығында сабақ болмайды
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордада бірінші ауысымда оқитын 1-ші мен 4-ші сыныптардың арасындағы оқушылар үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды бұқаралық ақпарат құралдары қалалық білім департаментіне сілтеме жасап.
Күннің суықтығына байланысты бірінші колледждердің 1-2-ші курстарының оқушылары үшін де сабақ болмайды, делінген хабарламада.
Дәл қазір Астанада термометр бағамы минус 26 градусты көрсетіп тұр.