Елорда мектептерінде буллингті болдырмау мақсатында QR-кодтар орнатылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда мектептерінде буллингті болдырмау мақсатында QR-кодтар орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда прокуратурасының бастамасымен орта білім беру мекемелерінде оқушыларға қатысты құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында QR-кодтар орнату жұмыстары жалғасуда.

«Бұл QR-кодтар мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына мектеп психологтарына, профилактика менеджерлеріне, әлеуметтік педагогтерге, учаскелік инспекторларға, сондай-ақ мектеп әкімшілігіне психологиялық қолдау, буллинг және басқа да мәселелер бойынша тікелей жүгінуге мүмкіндік береді», - дейді Астана қаласы прокурорының орынбасары Б.Мизанбаев.


Соңғы жаңалықтар