Елорда мектептерінде «Денсаулық аптасы» басталды

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - 1-7 қыркүйекте Астана қаласының барлық жалпы білім беру мектептерінде «Денсаулық аптасы» акциясы өткізіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Елорда мектептерінде «Денсаулық аптасы» басталды

«Денсаулық аптасының» басты тақырыбы - салауатты өмір салтының аспектілері: дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, балалардың жарақаттануының және темекі шегудің алдын алу, ішімдік ішу, балалар арасындағы нашақорлық пен семіру.
Акция әр оқушыны күнде жаттығу жасауға, салауатты өмір салтын сақтауға, денсаулығын күшейтуге, зиянды әдет-дағдыларға қарсы тұруға шақырады. Мақсаты - мектеп оқушыларының салауатты өмір салты аспектілері бойынша ақпараттылығын арттыру.
2 қыркүйекте Астана қаласының №56 мектеп-лицейінде Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сабит Әбдірайымовтың және Салауатты өмір салты орталығының мамандарының қатысуымен «Денсаулық аптасы» аясында денсаулық сабағы өткізілді.
Еске салайық, 2011 жылы қазақстандықтардың арасында салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ҚР Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ұлттық орталығының қолдауымен 1-7 қыркүйекте республикамыздың барлық жалпы білім беру мектептерінде «Денсаулық аптасы» өткізіледі.