Елорда мектептерінде денсаулық сабақтары өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-7 қыркүйек аралығында елорда мектептерінде «Менің байлығым - менің отбасым!» ұранымен кең ауқымды «Денсаулық сабағы» акциясы өткізілуде. Акция аясында ата-аналармен және оқушылармен кездесулер мен әңгімелесулер жүргізіледі, деп хабарлады astana.gov.kz.
None
None

Осындай сабақтың бірі №50 мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, сабақ барысында қалалық медицина мекемелерінің қызметкерлері балаларға салауатты өмір салтын ұстануды насихаттады.

- Аталмыш шара мектеп оқушыларына салауатты өмір салты негіздері, денсаулықты сақтау мен нығайтуды ақпараттандыру деңгейін жетілдіріруіне септігін тигізеді, - деді «Арман қала» Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Қ. Хамзин.

Акция барысында салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мәселелері бойынша бейнебаяндар көрсетілді.

Сондай-ақ, барлық қалалық емханаларда мектеп оқушыларына арналған ашық есік күндері ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар