Елорда мектептерінде екінші ауысымда да сабақ болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 қаңтарда, Астана мектептерінде екінші ауысымдағы оқушыларға да сабақ болмайтын болды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласы мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11-сынып оқушыларына және колледждегі 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды", - делінген ведомоствоның хабарламасында.