22:25, 22 Тамыз 2022 | GMT +5
Елорда мектептерінің 98 пайызы 5 күндік оқу аптасына көшеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылынан бастап елордада 148 мектеп 5 күндік оқу аптасына көшеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министрлік мәліметінше, 216 мыңнан астам оқушы мен 21 мыңнан астам мұғалім бес күндік жүйеге ауысады.
«Биыл 1 қыркүйектен бастап 148 мектеп 5 күндік оқу форматына көшеді. Бұл - бас шаһардағы барлық мектептердің 98 пайызы. Ал үш ауысымды 4 мектеп 6 күндік оқу форматында қалады. Сондай-ақ елордадағы 21 мыңнан астам мұғалім үшін сенбі демалыс күні болады», - делінген министрлік таратқан хабараламада.
Еске салайық, бұл уақытқа дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің бес күндік жұмыс аптасына көшуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын.