Елорда мен еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер Астана мен Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жасады. Kazinform агенттігі бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында тұман түседі.
Ақтөбе облысында көктайғақ, ал Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында – тұман және көктайғақ болады.
Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.