13:56, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Елорда оқушыларының 65 пайызы Алматы ауданында оқиды
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Астананың Алматы ауданындағы 5 жоғары оқу орны мен 14 колледжде 25 мың студент оқиды. Ал ауданның 43 мектебінде 49 250 оқушы оқиды.

Бұл елордадағы жалпы оқушылар санының 65 пайызы, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
2012 жылы 4 мектеп аумағында (№ 16, № 29, № 32 және № 44) абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ауданның 25 мемлекеттік, 21 жекеменшік (мемлекеттік тапсырыспен) және 11 (мемлекеттік тапсырыссыз) жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерінде 10 527 бала тәрбиеленеді. Бұл елордадағы мектепке дейінгі тәрбиеленетін сәбилердің 50%-дан астамын құрайды.
Жыл бойына келетін балаларға тиісті жағдайлар жасау үшін аумағы абаттандырылып, 7 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.