Елорда полицейлері қала көшесінде бір азаматты атып өлтіргендерді құрықтады

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елорда полицейлері қала көшесінде бір азаматты атып өлтіргендерді құрықтады.
None
None

Бұл туралы агенттік тілшісіне Астана қалалық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, қыркүйектің 3-інде түнгі сағат 1-ден 45 минут өткен кезде Абай мен Республика даңғылдарының қиылысында «Опель» мен «Субару Форестер» көлігіндегі бейтаныс азаматтар арасында кикілжің туындайды. Оқиға барысында травматикалық қарудан 4-5 рет оқ атқан адамдар дереу ізін жасырып, «Субару Форестер» көлігінің жүргізушісі алған жарақаттан сол жерде көз жұмады.

«Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар 2 адам қолға түсіп, тергеу амалдары басталды. Сонымен қатар оқиғаға қатысы бар басқа азаматтар да анықталып, қазір оларды тұтқындау шаралары жүргізілуде», деді Н.Ораз.

Соңғы жаңалықтар