Елорда полицейлері карантиннің бұзылуы бойынша хаттама толтырып жатқан жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция карантин режимінің бұзылуы бойынша хаттама толтырып жатқан жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда полицейлері карантиннің бұзылуы бойынша хаттама толтырып жатқан жоқ

«Біз ешқандай хаттама толтырмаймыз, тек фактіні бәрін Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолдаймыз. Полиция қызметкерлері карантин режимінің бұзылғанын көрсе азаматтарға алдымен мұның дұрыс еместігін түсіндіреді, сондай-ақ құрамына әкімдіктің, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының, сондай-ақ учаскелік инспекторлары бар мобильді топты оқиға орнына шақырады. Одан кейінгі жұмыс тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының міндетінде. Оларға полиция қызметкерлерінің фото және видеодәлелдері жіберіледі», - делінген департамент таратқан хабарламада.

Елде індет қайта өршіп келе жатыр. Соған қарамастан елордада карантин режимі мен қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері бекіткен талаптарды елемейтін тұрғындар да бар екен. Рейд шаралары барысында қаланың полиция қызметкерлері мониторинг тобы «ZOLOTO» мейрамханасында бір уақытта 70 адамның отырғанын анықтаған. Клиенттер әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамаған. Осылайша мейрамхана иесі де, келушілер де адамдардың өміріне қауіп төндірген. Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша жинақталған материал Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданған.