Елорда полицейлері қылмыспен күресте төбет тұқымды иттерді пайдаланатын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің кинологиялық орталығы өз қызметінде алғаш рет төбет тұқымды иттерді пайдаланатын болады.

Елорда полицейлері қылмыспен күресте төбет тұқымды иттерді пайдаланатын болды

Бұл туралы Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің кинологиялық орталығы өз қызметінде алғаш рет төбет тұқымды иттерді пайдаланатын болады. Күшіктер Алматыдан жақында ғана жеткізілген. Қазіргі уақытта олар жаңа қызметке үйретіліп жатыр», - деді Нұрділдә Ораз ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, төбеттер ескірткі тауып, адамдарды иісі арқылы іздеуге үйретіледі.