Елорда полицейлері үш күнде 17 мас жүргізушіні ұстады
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, ҚК-тің 346-бабымен көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын айдағаны үшін 1 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Коммуналдық тұраққа 18 автокөлік жөнелтілді.
«Бір тәулік ішінде «Сергек қорғау» көмегімен елорда жолдарында 238 жүргізушіге айыппұл салынды. Сонымен қатар, жалған мемлекеттік нөмірмен айдағаны үшін 2 жүргізуші ұсталды, 39 тұрғын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды, 40-ы сақтандыру полисі шартын жасамаған болып шықты. Іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жалған нөмірлері бар «БМВ 525» маркалы автокөліктің 34 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Тәртіп бұзушы ӘҚБтК-тің 590-бабы 4-бөлігі бойынша көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп жазды ведомстводан.