Елорда полицейлеріне COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салынып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-Бүгін Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлеріне екпе жасалуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
None
None

Қаланың Полиция департаменті емханасының терапевт дәрігері Айдана Әбдіпаттаның айтуынша, қазір «Спутник V» вакцинасын алуға учаскелік полицейлер мен ішкі істер саласының ардагерлері келіп жатыр.

«Олар халықпен тікелей жұмыс істейтіндіктен екпе алуға өздері келуде. Біз медициналық талапқа сай, вакцина салу жайлы оларға түсіндіріп, таныстырып жатырмыз. Талабымызға сәйкес қарап, бақылап, сосын ғана жұмысымызға кірісеміз. Бүгінге дейін қарсы көрсеткіштер болған емес. Бізде бәрі талапқа сай жүргізіледі», – деді Айдана Әбдіпатта.

Екпе жасатқандардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласы патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Сәкен Тасқын.

«Бүгін мен вакцина салдырдым. Денсаулық жағдайым да, көңіл-күйім де жақсы. Халықпен жұмыс істеп жүргендіктен өз еркіммен екпе салғыздым», – деді Сәкен Тасқын.


Соңғы жаңалықтар