Елорда полициясы синтетикалық есірткінің таралу қаупі туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Айдос Рысбаев синтетикалық есірткінің таралуы қаупі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Статистикаға тоқталсақ, өткен кезеңде департаменттің бөлімшелері 145 қылмыстық іс қозғап, оның ішінде 98-і сатумен айналысатын адамдарға қатысты. Заңсыз айналымнан 114 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Есірткінің кең тараған түрлерін тәркілеу бойынша жүргізілген жұмыстар тұрғысында синтетикалық есірткілердің таралуының жаһандық қатері бар. Бұл есірткі арзан болғандықтан, оны алуға тырысатындар саны артуы мүмкін. 2021 жылдың өткен кезеңінде қала аумағында синтетикалық есірткіні тарату мен сақтауға бафланысты 141 факті анықталды. Осы орайда екі зантхананың жұмысына тосқауыл қойылды», - деді Айдос Рысбаев Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері синтетикалық есірткі түрлерін жарнамалауға жол бермеу бойынша арнайы жұмыстар жүріп жатыр. Есірткі сайттарын жарнамалауға 16 қылмыстық іс қозғалды. Бұл ретте анықталған сайттар бұғатталды.

Еске салсақ, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты тапсырмасын орындау бойынша арнайы кеңесте синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары жастар екені айтылды.
Соңғы жаңалықтар