Елорда тұрғындарына ауыз су қашан берілетіні белгілі болды
«Астана су арнасы» МКК елорда тұрғындарына ауыз су қашан берілетінін айтты, деп хабарлайды Kazinform кәсіпорынның Instagram парақшасына сілтеме жасап.
«Құрметті тұтынушылар электр қуаты қалпына келтірілді. «Астана су арнасы» МКК мамандары сорғыларды қоса бастады. Сумен жабдықтау шамамен 30 минутта қалпына келеді», - делінген Instagram парақшасындағы хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін елордада жіледіге ақау салдарынан жарық сөнгенін хабарладық.