Елорда тұрғыны әйелін пышақтап, өзі 25-қабаттан секіріп кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада отбасылық жанжалдың арты өліммен аяқталды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады. 

пышақтады
Фото: Freepik

— Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, оның барысында күйеуі әйелін пышақтаған. Кейін тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен. Ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.

Қазір қайғылы жайттың мән-жайы анықталып жатыр, тексеру амалдары басталды.

— Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, — деп ескертеді елорда полициясы.

Еске салсақ, жыл басында Астанада жігіт туыстарын пышақтап тастаған еді, салдарынан бір адам өліп, үшеуі жараланды

Соңғы жаңалықтар