Елорда тұрғындары Елбасы Жолдауын талқылады

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында бас қосқан Астана жұртшылығы өкілдері ағымдағы жылы жарияланған Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында құрылған республикалық ақпараттық-насихаттаушы топпен кездесті.
None
None

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы ел азаматтарының барлығы үшін аса маңызы екендігін атап өткен Астана қалалық мәслихатының депутаты Владимир Редкокашин «Нұрсұлтан Әбішұлының жыл сайынғы Жолдауы ел өмірі үшін аса маңызды саяси оқиғаға айналып келеді. Ағымдағы жылғы Жолдаудың да маңызы аса зор, онда Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңдегі нақты тапсырмаларды алға қойып отыр», деді.

Жолдауды түсіндіру мақсатында құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобының құармына еліміздің Сыртқы істер министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Білім және ғылым министрлігінің өкілдері кірген. Олар ақпанның 23-і мен 25-і аралығында елорда тұрғындарына Жолдаудың негізгі тезистерін түсіндірумен айналысты. 5000-нан астам адамды қамтыған түсіндіру жұмыстарының бүгінгі қорытындысына да 400 Астана тұрғыны қатысты.

Кездесу барысында Жолдауды әрбір қазақстандықтың жете түсініп, оны бірауыздан қолдаған кезде ғана табысты іске асырылатындығы атап өтілді. ҚР Президентінің биылғы Жолдауы әрбір Қазақстан азаматының әл-ауқатының жақсаруына жаңа мақсаттар мен мүмкіндіктер ашып отыр.

Соңғы жаңалықтар