Елорда тұрғындары кебек, ұн және нанды арзандатылған бағамен ала алады
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігі мен қаланың астық өңдеу кәсіпорындары арасында бірінші сұрыпты ұннан қалыпта пісірілетін нан мен бірінші сортты ұн және кебек бағасын тұрақтандыру шаралары туралы меморандумға қол қойылды.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, осыған байланысты елорда тұрғындары аталған өнімдерді арзан бағамен меморандумға қол қойған бірқатар мекемелерден сатып ала алады, деп хабарлайды қалалық Ауыл шаруашылығы басқармасынан.
Мына төмендегі ұйымдар мемлекеттік қордан азық-түліктік бидайды бекітілген бағада тоннасын 28000 теңгеден бөлді:
«Концерн Цесна-Астық» АҚ: Астана қ, Ақжол к-сі, 24 ж.тел.700-504; «Synergy Cargo» ЖШС: Астана қ, Республика даңғылы, 64/5, ж.тел.310-449;
«Энергоснаб» ЖШС: Астана қ, Промышленный кенті, Промзона 101/8, р.тел. 490-293;
«Capital Trade House» ЖШС: өндірістік база Шортанды ауданының, Научный кентінде, Кузьмин к-сі, 1 үй, ж.тел.8(71631) 23389;
«Табыс 2009» ЖШС: Астана қ, Жаңажол к-сі, 3/3, ж.тел. 531-253;
«Қалқаман Астық» ЖШС: Астана қ, Шолохов к-сі, 15-а, ж.тел.531-773.
Қаладағы астық өңдеу кәсіпорындарының осы көрсетілген мекен-жайы бойынша кебектің килограмын 15 теңгеден сатып алуға болады.
Аstana.kz сайтында бұған дейін хабарланғанындай, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Астана қаласының астық нарығына қатысушыларда азық-түлік қажеттілігіне арналған 126 884 тонна астық болды. Негізгі астық дақылы жалпы қордың 99,5%-ын құрайтын бидай болып табылады.