12:06, 09 Маусым 2023 | GMT +5
Елорда тұрғындары тағы да көшені жауып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада «Мәскеу» кешенінің тұрғындары мүлік иелері бірлестігі төрағасына шағымданып, көшені жауып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тұрғындар мүлік иелері бірлестігінің басшысына қарсы және оны қызметінен босатуды талап етеді.
Қарсылықтың белгісі ретінде тұрғындар көшені жауып тастады. Болған жайтқа елорда әкімдігі түсінік берді.
«Азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырамыз. Яғни заңсыз акцияларға қатыспау, арандатушылыққа берілмеу, мүлік иелері бірлестігі басшылығына таласушылардың сіздерді өз пайдасына пайдалануына жол бермеу керек. Құқық бұзушыларға құқық қорғау органдары әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, бүкіл мәселе тек құқықтық салада шешілуі керек», - деп хабарлады қала әкімдігінен.