Елорда тұрғындарына ASTRA көлік картасы сыйға тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Астана - мейірімді қала» қайырымдылық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«АСТАНА LRT» компаниясы мәліметінше, елорда әкімдігі 1000 тұрғынға толтырылатын ASTRA көлік картасын сыйға тартты. Олармен елорданың қоғамдық көліктерінде жолақысын төлеуге болады
Сыйға берілген карталарда тегін жүру үшін арнайы қаржы жүктелген және онда бір бағдардан екіншісіне 1 сағаттың ішінде отырса, ақысыз жүру бонустар қамтылған.
Барлық сыйға тартылған толтырылатын көлік картасының қолдану мерзімі 5 жыл. Жолаушылар оларға жолақы бірліктерін толтырып, тегін жол жүру бонустарын пайдалана берулеріне болады.
Естеріңізге сала кетелік, Астанада қоғамдық көлікте электронды жол ақысын төлеу жүйесі ASTRA Plat енгізілген. Аталмыш картаның 3 түрі бар. Олар: қаражат толтырылатын, мектеп оқушарына арналған және жеңілдіктері бар карталар. Байланыс мөлшері жол жүру санымен тең келеді. Қаражат толтырылатын карта құны - 400 теңге. Мектеп оқушылары мен жеңілдіктері бар карталар тиесілі қала тұрғындарына тегін таратылады. Ал үйреншікті қолма-қол төлем мен қағаз билеттер әзірге әлі де айналымда.