Елорда тұрғындарының назарына «Мәңгілік елдің Алтын адамы» қойылымы ұсынылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қазан күні сағат 18.00-де Конгресс-Хол сарайында Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ұжымы елорда тұрғындарының назарына «Мәңгілік елдің Алтын адамы» атты қойылымды ұсынады.

Елорда тұрғындарының назарына «Мәңгілік елдің Алтын адамы» қойылымы ұсынылады

Бұл шара Батыс Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында өтеді. Драмалық шығармаға елдің бірлігі мен ынтымағы, халықтың арман-тілегі арқау болған.

Аталған шығарманың авторы - белгілі ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайып (Иранбек Оразбаев).

Туындының қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов, көлеңкелі көріністер режиссері - Мейрам Хабибуллин, суретшісі - Қайыр Оразғалиев. Сазбен көркемдеуші - Ержан Қажымов. Басты рөлдерді Бақытжан Өтеғалиев, Хорлан Шамелова, Нұрлыгүл Жұбатова сомдайды.